Skip to content

Latest commit

 

History

History
56 lines (41 loc) · 5.65 KB

README.md

File metadata and controls

56 lines (41 loc) · 5.65 KB

Қазақстан аймақтарының кірістері мен шығындары туралы деректер

Бұл репозиторийде Қазақстанның аймақтары бойынша тұрғындардың тұтыну шығындары мен кірістері туралы деректер бар. Датасет әрбір аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдауға және әртүрлі статистикалық немесе экономикалық модельдер құруға арналған.

Визуализация:

<PlotlyBarChart data={{ url: 'datasets/ranking.csv' }} xAxis="Регионы" yAxis="Рейтинг" />

<FlatUiTable data={{ url: 'datasets/ranking.csv' }} />

Деректер

Бұл деректер Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының ресми порталынан алынды. Біз оларды өңдеп, аймақтар арасындағы кірістер мен шығындар құрылымын талдау үшін толықтай жаңартылған және визуализацияланған есептер жинағын әзірледік.

  • datasets/city_population.csv - Қазақстан аймақтарының халық саны, оның ішінде ерлер мен әйелдер саны көрсетілген деректер.
  • datasets/monetary_expenses_of_the_population_data.csv - Қазақстан тұрғындарының тұтыну шығындары бойынша аймақтық мәліметтер.
  • datasets/monetary_income_of_the_population_data.csv - Қазақстан тұрғындарының еңбек қызметінен және басқа да көздерден алынған кірістер туралы мәліметтер.
  • datasets/unemployed_KZRegion_data.csv - Аймақтар бойынша жұмыссыздық деңгейі туралы деректер.
  • datasets/dataset.csv - Барлық негізгі көрсеткіштер біріктірілген және талдауға дайын біріккен деректер жиынтығы.
  • datasets/normalized_data.csv - 0-ден 1-ге дейінгі масштабта нормаланған экономикалық көрсеткіштер деректері.

normalized_data.csv

<FlatUiTable data={{ url: 'datasets/normalized_data.csv' }} />

📄 Датасет сипаттамасы

Бағандар:

  • Регионы – Қазақстанның аймақтарының атаулары.
  • Потребительские_расходы – Жалпы тұтыну шығындары (барлық шығындардың салыстырмалы үлесі).
  • Продовольственные_товары – Азық-түлік тауарларына жұмсалған шығындар үлесі.
  • Непродовольственные_товары – Азық-түлік емес тауарларға жұмсалған шығындар үлесі.
  • Платные_услуги – Ақылы қызметтерге жұмсалған шығындар үлесі.
  • Материальная_помощь_родственникам_и_знакомым_алименты – Туыстар мен таныстарға материалдық көмекке жұмсалған қаржы.
  • Налоги_платежи_и_другие_выплаты – Салықтар, төлемдер және басқа да міндетті төлемдер.
  • Погашение_кредита_и_долга – Несие және қарыздарды өтеуге жұмсалған қаржы.
  • Доход_от_трудовой_деятельности – Еңбек қызметінен алынған кірістердің жалпы үлесі.
  • Доход_от_работы_по_найму – Жұмыспен қамтылған қызметкерлердің кірісі.
  • Доход_от_самостоятельной_занятости_и_предпринимательства – Жеке кәсіпкерлік пен өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен кіріс.
  • Пенсии – Зейнетақы кірісі.
  • Пособия – Әлеуметтік жәрдемақылар.
  • АСП_и_жилищная_помощь – АСП (адресная социальная помощь) және тұрғын үйге көрсетілетін көмек.
  • Стипендия – Стипендиялардан алынған кірістер.
  • Матеральная_помощь_от_родственников_и_знакомых_алименты – Туыстар мен таныстардан алынған материалдық көмек және алименттер.
  • Доходы_от_собственности – Меншік нысандарынан түскен кірістер.
  • Прочие_доходы – Басқа кіріс көздері.
  • Доля_безработицы_на_населения – Аймақтағы халықтың жұмыссыздық деңгейінің үлесі.

🛠 Қолдану

Бұл датасет келесі мақсаттарда қолданылуы мүмкін:

  • Әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтарды талдау.
  • Аймақтардың кіріс пен шығыс құрылымын салыстыру.
  • Экономикалық немесе статистикалық модельдер құру.